Елімізге отаншыл әрі саяси бейтарап кәсіби мамандардан құралған мемлекеттік аппарат қажет - Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізге отаншыл әрі саяси бейтарап кәсіби мамандардан құралған мемлекеттік аппарат қажет - Елбасы

Елімізге отаншыл әрі саяси бейтарап кәсіби мамандардан құралған мемлекеттік аппарат қажет - Елбасы

"Елімізге отаншыл әрі саяси бейтарап кәсіби мамандардан құралған, өз ісіне жан-тәнімен берілген, кәсіптік жоғары деңгейде дайындалған, тек мемлекеттік мүдде тұрғысынан заңға ғана бұлжытпай бағынатын адамдардан құралған мемлекеттік аппарат қажет". Бүгін, 12-сәуірде мемлекеттік мамандар іріктеу саясатына арналған республикалық кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

  • 12 Сәуiр 2004
  • 482
Фото - Caravan.kz

Елбасының пайымдауынша, «ондай болмаған жағдайда еліміздегі экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды құрдымға жіберу қаупі бар». Сол себепті президенттің пікірінше, «әкімшілік реформа — алдағы өзгерістер мен жаңартулардың катализаторына айналуы тиіс».

Осыған байланысты Н.Назарбаев мелмекеттік қызметкерлердің алдына бірқатар міндеттер қойды. «Таяудағы маңызды мақсаттардың бірі мемлекеттік қызметті ұсынудың халықаралық стандарттарына көшуге саяды»,- деді президент. Осыған сәйкес Елбасы үкіметке «2005-жылдың соңына дейін барлық деңгейлі мемлекеттік мекемелерді толықтай компьютермен жабдықтауды, оларды электронды поштаға қосып, электрондық үкімет жүйесін қолданысқа енгізуді, әкімшілік процедураларды компьютерлік жүйеге жаппай біріктіруді » тапсырды. Елбасы мемлекеттік қызметкерлерге «компьютерді меңгеруге және ағылшын тілін үйренуге » баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы «мемлекеттік қызметкерлерге жедел мониторинг жүргізіп, тиімді резерв құруға мүмкіндік беретін кадрларды басқарудың ақпараттық жүйесін енгізу» жөнінде тапсырма берді.
Сондай-ақ, Н.Назарбаев республикалық кеңеске қатысушыларға арнаған өз сөзінде «түрлі сылтауларды алға тартып мемлекеттік мекемелердің санын арттыруға талпынуды доғарыңыздар»,- деп шегеледі.

Соңғы жаңалықтар