Жарияланды: 20

Елорда әкімдігі тұрғындарды көмірді ерте сатып алуға шақырады

Елорда әкімдігі тұрғындарды көмірді ерте сатып алуға шақырады

Елордалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов жылыту маусымына дайындық барысы туралы айтты.

"Құрылған тиісті штаб бекітілген бағдарлама бойынша жұмыс атқарып жатыр. Қалада ЖЭО-1, ЖЭО-2 кешендерінде кестеге сай қазандықтарды жөндеуден өткізу секілді тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. "Астана энергия" мекемесі 77% дайын. Жылу электр орталықтарын көмірмен, отынмен қамтамасыз ету мәселесі бар. Бүгінде 310 мың тонна екі ЖЭО-ға дайындалды. Ол 20 күндік нормативтік қорымыз және 10 мың тонна мазутты жанармай дайындалған. Осы ЖЭО-дан шыққан жылуды "Астана-Теплотранзит" тасымалдайды. Бүгінде бекітілген режимдік картаға сәйкес жұмыстар атқарылып отыр. Бұл мекеме 55% дайын",- деп айтты Төлеуов.

Басқарма басшысы электр қуатын шығаратын "Астана АЭК" қысқы маусымға 72% дайын екенін айтты.

"30 шақырым кабель жүйесі ауыстырылды, 23 бөлуші станциялар дайын. Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 2512 тұрғын үй 87% дайын. Әлеуметтік нысандар бойынша білім, денсаулық сақтау, мәдениет ғимараттары 90% дайын",- деді ол.

Тілеуов халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша қалалық әкімдік, оның ішінде өзі басқаратын бақарма, i-Көмек, 109 қызметі арқылы халыққа тиісті мәлімет беру, түсіндіру, насихат жұмыстары атқарылатынын айтты. 

"Қай жерде, қандай көмір, қандай бағамен сатылатыны туралы мәлімет беріп жатырмыз. Бүгінде қалада 7 ірі үлкен көмір сататын компаниямен бағаны көтермеу туралы меморандумға қол қойдық. 12 мыңнан 14 мыңға дейін баға тағайындалған. Суық кезде кезекке тұрмай көмірді бүгін сатып алуға шақырамын. Жылыту маусымы басталар алдында 100% дайындаламыз. Көмір тапшылығы болмайды. Көмір бар кезде қазір сатып алыңыздар. Бағасы алда қалай болатынын ешкім білмейді",- деп сөзін түйіндеді ол.

Басқарма басшысы былтыр жылыту маусымында қалада 420 мың тонна көмір пайдаланылғанын айтты. Сондай-ақ, кейбір санаттағы қала тұрғындарына 20 200 теңге көлемінде бір жылыту маусымында әлеуметтік көмек берілетінін айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін