Елорда да жолақыны банк картасы арқылы төлеуге болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда да жолақыны банк картасы арқылы төлеуге болады

Елорда да жолақыны банк картасы арқылы төлеуге болады

«City Transportation Systems» ЖШС-де Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктерінде жол ақысын төлеудің жаңартылған электрондық жүйесі таныстырылды. Пилоттық жоба аясында жолаушылар VISA және Mastercard карталары, сондай-ақ NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасай алады.

  • 12 Қараша 2021
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды

Жаңартылған жүйе көлік карталарын толықтырудың онлайн режиміне көшуді қамтиды. Сондай-ақ банк карталарымен төлеу қолжетімді болады.

«18 қазаннан бастап елордада бірнеше қоғамдық көлік бағытында пилоттық режимде үш жеткізушіден кез келген екінші деңгейдегі банктің картасымен жол жүру төлемі тестіленуде. Пилоттық жоба аясында жолаушы VISA және Mastercard карталары, сондай-ақ NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасай алады. Транзакцияны жүргізу үшін оларды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға қосу жеткілікті.

Жүйені тестілеу №61 қалалық бағыттағы үш автобуста, сондай-ақ, қала маңына қатынайтын №309, 310, 315 бағдарларда жүргізіледі», — делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, пилоттық жоба барлық бағыттарда толыққанды масштабтау алдында түрлі жеткізушілердің банк картасымен жол жүру ақысын төлеу валидаторларын тексеруге мүмкіндік береді.

«Бұл жаңашылдықтар жол жүру құнына әсер етпейді, барлық тариф өзгеріссіз қалады. Бұдан басқа, жүйені жаңарту тек инвестордың есебінен жүзеге асырылатын болады, яғни бюджет қаражаты қолданылмайды. Біз үшін жолаушылардың жайлылығы және жаңа жүйеге көшудің ауыртпалықсыз болуы болып маңызды», — деді «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.


Айта кетейік, елорданың қоғамдық көліктерінде жолаушылар ағыны орташа есеппен 600 мыңнан астам адамды құрайды. Жолаушылар жолақысын екі жолмен төлей алады – бұл көлік картасы және QR-кодты сканерлеу. 100 пайыз қолма-қол ақшасыз жүйеде көлік карталарымен төлеу үлесі 52%-ды, QR-кодпен 48%-ды құрайды. Жол жүру құны – 90 теңге. Бұл сома 7 жыл ішінде өзгерген жоқ.

Соңғы жаңалықтар