Елорда да жолда төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда да жолда төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Елорда да жолда төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтанда жолдың ортасында төбелескендер видеоға түсірілді. Полиция "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

  • 16 Сәуiр 2021
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Төбелес болған жерде түсірілген видео кадрлары бұрын әлеуметтік желілерде жарияланған.

Полиция өкілдері Бөгенбай батыр даңғылында "Газель" көлігі мен Mercedes тізгініндегі жүргізушілер арасында төбелес болғанын хабарлады.

"Төбелеске жүргізушілердің бір-біріне жол бермей, әдепсіз қылық көрсетуі себеп болған. Жанжалға қатысқандар анықталып, полицияға жеткізілді. Анықталған факт бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деді полиция өкілі.


Құқық қорғау органы қызметкерлері жүргізушілерден қоғамдық тәртіпті сақтауды және жолда көлік құралдары қозғалысына кедергі жасамауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар