Жарияланды: 30

Елорда күні: барлық іс-шара онлайн режимінде өтеді

Елорда күні: барлық іс-шара онлайн режимінде өтеді Сурет - astana.gov.kz

Елорда күнінің барлық іс-шаралары онлайн режимде өтеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұған дейін Елорда күніне жоспарланған барлық іс-шаралар тоқтатылды. Шаралар тек онлайн режимде өтеді. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасы хабарлады.

Мысалы "Домбыра күні" шарасын тұрғындар Қазақстан телеарнасынан онлайн режимде тамашалай алады. Іс-шаралардың көпшілігі әлеуметтік сипатта болады - ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған реабилитациялық орталық, жұмыссыз әйелдерге ШОБ негіздерін үйрететін "Кәсіпкер ана" әлеуметтік орталығы, Жағалау ауданында жедел жәрдем стансасы мен "Доктор у дома" медицина орталығы және басқа да әлеуметтік нысандардың ашылуы болады.

Шараларға қатысатын адамдар саны шектелген. Сонымен қатар үй кезегіндегілер мен үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылады - қатысушылар саны шектеулі және санитарлық нормалар қатаң сақталады: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтау керек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін