Елорда мектептерінде «электронды асхана» жобасы жүзеге асырыла бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда мектептерінде «электронды асхана» жобасы жүзеге асырыла бастайды

Елорда мектептерінде «электронды асхана» жобасы жүзеге асырыла бастайды

Ағымдағы жылы «Ақылды қала» жобасы аясында елордалық мектептерде «электронды асхана» жобасы жүзеге асырыла бастайды.

  • 18 Мамыр 2015
  • 668
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифингте «АСТАНА INNOVATIONS» АҚ басқармасының төрағасы Альтайыр Уызбаев  мәлім етті.

«Ағымдағы жылы біз «электронды асхана» жобасын іске қосуға ниеттеніп отырмыз. Жалпы, оқушы мектепке келгенде қалтасына ақша салып жүрмеуі тиіс. Яғни, қалтасында ақшасы болмаса да ол асханаға келген кезде «smart БРО» аясында шығарылған картамен қалаған тамағына төлем жасауы қажет»,  — деді А.Уызбаев.

Оның атап өтуінше, аталған карточаның арқасында ата-аналар баласының күнделікті тұтынатын тамағына қадағалау жасай алатын болады.


«Яғни, егер ата-анасы баласына жеуге болмайтын тағам атауын карточкаға енгізетін болса, онда сол балаға аталған тағам сатылмайды. Айта кетерлігі, бұл жобамен тек оқу орындарын ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік нысандарды да қамтуға болады», — деді ол.