Елорда прокуратурасы аулаларды көгалдандырмаған қаланың аудандық әкімдіктерін сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда прокуратурасы аулаларды көгалдандырмаған қаланың аудандық әкімдіктерін сынға алды

Елорда прокуратурасы аулаларды көгалдандырмаған қаланың аудандық әкімдіктерін сынға алды

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Елорда прокуратурасы аулаларды көгалдандырмаған қаланың аудандық әкімдіктерін сынға алды. Оны Астана қалалық прокуратурасының алқа отырысында мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын бақылау басқармасының бастығы Думан Қаржаспаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 26 Маусым 2008
  • 421
Фото - Caravan.kz

«Көркейту, санитарлық жағдай ережелеріне сәйкес 2004 жылы мәслихат шешімімен белгіленген қала аумағын тазалау және тазалығын қамтамасыз ету ұйымдары қаланың тұрғын үй аумақтарын жасыл желекпен жабдықтауы тиіс болатын. Алайда, іс жүзінде жергілікті атқару органдары құқықтық актінің көрсетілген талабына қарамастан аула аумақтарын көгалдандырудан қашқақтап кетті. Олар бұл проблеманы осылайша тұрғындар мен пәтер иелері кооперативтеріне қалдырды», — деді Д. Қаржаспаев.

«Бұл жерде аулалар мен аула маңы аумақтары кондоминиум нысандары ретінде рәсімделмейді. Және тиісінше, қаланың ортақ пайдаланытын жерлерінің қатарына жатады», — деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті