Елорда тұрғындары қар суымен күресіп әлек - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда тұрғындары қар суымен күресіп әлек

Елорда тұрғындары қар суымен күресіп әлек

Еріген қар суының әлегі Елордаға да жетті. Әсіресе шеткі аудандардағы жер үйлердің тұрғындарын әбігерге салып жатыр.

  • 21 Наурыз 2014
  • 298
Фото - Caravan.kz

Елорданың қақ ортасындағы мына көшеге жайыла аққан суды тұрғындар өздері тазартуға мәжбүр. Қызыл судан сол аудандағы әлеуметтік нысандарға да зақым келіп, лай су мектепке дейін жеткен. Көшеде жаяу адам түгілі, көлікпен жүрудің өзі мұң. Ал, Төтенше жағдайлар министрлігі биыл Астана ғана емес, еліміздің солтүстік, батыс аймақтарында қар қалың түскендіктен түгел еріп бітпейінше мұндай жәйттер қайталануы мүмкін деп ескертіп отыр.


Владимир Божко, ҚР Төтенше жағдайлар министр:

— Бізді қобалжытып отырған әсіресе, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары. Өңірлерді қардан күні-түні тазартып жатыр. Соңғы жылдары климат қатты өзгерген. Кеше Атыраудағы жел талай шығын келтірді. Дегенмен көктемгі тасқынға дайындалдық. Барлығына көмек беруге тырысамыз.