Жарияланды: 20

Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдар жабылды

Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдар жабылды

 

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шығудан бас тартып, сақ болуды, ауа райының өзгеруі мен енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауды ұсынады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты бүгінгі күні Нұр-Сұлтан-Қорғалжын бағытынан басқа барлық тас жолдар жабылды. ТЖД мәліметі бойынша "112" шұғыл телефон қызметіне түнгі 00.00-ден бастап 1639 қоңырау келіп түскен, оның 85 пайызы тас жолдың ашылуы мен сабақты тоқтату мәселелері бойынша хабарласқан. Соңғы тәулік ішінде елордалық құтқарушылар қар құрсауында қалған 19 адамды құтқарды. Ал жыл басынан бері қар құрсауынан 62 адам құтқарылып, 5 адам эвакуацияланғанын айта кеткен жөн. Сол ретте Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шығудан бас тартып, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауды ұсынады. Аталмыш мәліметті астаналықтар "112" қызметі, "Smart Astana" қосымшасы, Instagram әлеуметтік желілерінде (@nursultan_tjd), сондай-ақ Darmen қосымшасы арқылы біле алады. Қала тұрғындарына көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруді, автокөлікті ағаштар мен ескі құрылыстардан алшақ қоюды, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарын шектеуді ұсынады. Өрт қызметі, полиция, төтенше жағдайлар департаменті, жедел медициналық көмек, коммуналдық қызметтер сияқты қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, ауа райының күрт нашарлауына байланысты және қайғылы жағдайларды болдырмау үшін мемлекеттік органдарға, білім беру мекемелеріне, кәсіпкерлік объектілеріне (базарлар, СОО), құрылысқа жұмыс күнін қысқарту ұсынылады. Қазгидромет мәліметіне сәйкес бүгін Нұр-Сұлтанда қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Айта кетсек, елордада қысқы кезең басталғалы бері қатты қар жауды. 2019 жылдың қараша айында түскен қар мөлшері 47 мм, желтоқсанда 39 мм құраса, 23 қаңтардағы жағдай бойынша 16 миллиметр, айлық нормада 37 миллиметр қар жауған. Осылайша, көрсетілген кезеңде түскен қар мөлшері айлық нормадан 2 есе асып түсті.
Т

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін