Елордада Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы басталды

Елордада Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы басталды

Форумға Азия елдерінен келген 60-тан астам сарапшы қатысып жаты

  • 13 Шiлде 2023
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бүгін елордада «Өзгермелі әлемдегі Азия: Болашақтың күн тәртібі» тақырыбы бойынша Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы басталды, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Шара барысында сөз алған Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Азиядағы саяси және экономикалық мәселелерді талқылап, өз ұсынысын білдіру үшін Астанаға жиналған сарапшыларға алғыс білдірді. Сонымен қатар ведомство басшысы форумның қатысушыларына арналған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың хатын оқып берді.

«Құрметті форум қатысушылары!

Мен Сіздерді елордада өтіп жатқан жоғары деңгейдегі шарада қарсы алғаныма қуаныштымын. Қазіргі күрделі жаһандық жағдайда сарапшылар қауымдастығымен тікелей әрі ашық диалог орнату аса қажет болып отыр. Бүгінгі таңда әлем бұрын сонды болмаған қиыншылықтарға тап болды. Біз жаһандық экономика тұрақсыздығының, өсіп келе жатқан геосаяси шиеленістің куәсі болып отырмыз. Осы мәселелер белгісіздік пен өзге де идеологиялық салдарға алып келеді. Дегенмен кең ауқымды дағдарыстар әлемдік қауымдастық үшін, оның ішінде Азия үшін мүмкіндік ұсынады. Сондықтан біз бірлескен күш-жігерімізді қауіпсіз, әділ әлем құрудағы сындарлы идеялар мен тың тәсілдерді табуға бағыттауымыз маңызды. Сондықтан саясаттанушылар, экономистер, жетекші сарапшылар, белді сараптамалық орталықтар және ғылыми-зерттеу иституттары бұл процесте шешуші рөлге ие», — делінген Мұрат Нұртілеу оқып берген Президенттің хатында.


Айта кетейік, аталған шара ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты және Сыртқы істер министрлігінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтіп жатыр.