Елордада «Балаңды есіңе ал: алимент төле!» акциясы шеңберінде рейд жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада «Балаңды есіңе ал: алимент төле!» акциясы шеңберінде рейд жүргізілуде

Елордада «Балаңды есіңе ал: алимент төле!» акциясы шеңберінде рейд жүргізілуде

Астанада алимент өндіру бойынша рейд шаралары жалғасуда. «Алматы» ауданы прокуратурасының, Әділет департаментінің және полиция қызметкерлері борышкерлердің мекен-жайлары бойынша ескерту хат таратып, оларды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуда.

  • 9 Қараша 2016
  • 827
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады. 
«Осы апта ішінде біз 100-ге жуық адамға барып, алимент төлемеген 20 борышкерді жауапкершілікке тарттық, біразы бір бөлігін төледі», — деп мәлім етті шараның алғашқы нәтижелерін баяндаған «Алматы» ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Шыңғысхан Өтеміс.
Шара қалалық прокуратураның «Балаңды есіңе ал: алимент төле!» жобасы аясында өткізіліп жатыр.
Сот орындаушысы Айдана Жылқыбаеваның айтуынша, үйлерді аралау кезінде көп жағдайда тараптардың келісімге келгені анықталып жатады. Ерлі-зайыптылар бірге тұрады, бірақ бұл туралы хабарлау туралы ұмытып кетеді.
Рейд барысында күніне 10-15 пәтер тексеріледі. Егер борышкерлер тұрғылықты жері бойынша табылмаса, олар іздеуге жарияланады.
Еске салсақ, 25 қазанда басталған рейд шаралары жыл соңына дейін жалғасады, осы уақыт ішінде «Алматы» ауданында 1000 мекен-жайға бару жоспарланған.