Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.
1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқарма басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Ол жер учаскелерінің ривизиясына бөлінген ақшаны жымқыруға қатысты бар деген күдікке ілінді. Осы жоба бойынша, шамаменн, 20 миллион теңге ұрланды", – деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, 1 мамырдан бері республика бойынша 118 қылмыстық іс тіркелді. Басым бөлігі – пара алу, ұрлау, жымқыру және алаяқтық фактілері. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының көбісі ішкі істер органдары, әкімдікітер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істейтін қызметкерлеріне қатысты қозғалған.