Елордада бір түнде 16 мың текше метрден астам қар шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада бір түнде 16 мың текше метрден астам қар шығарылды

Елордада бір түнде 16 мың текше метрден астам қар шығарылды

Астанадан бір түнде коммуналдық қызметтер 1,2 мыңнан астам жүк көлігіне тиелген қар шығарды.

  • 18 Ақпан 2024
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы KAZINFORM.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Елорданың коммуналдық қызметтері ауа райының қолайсыздығына, боран мен аязға қарамастан, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

18 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,3 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себілді.

Өткен түнде, яғни, 17 ақпаннан 18-іне қараған түні қаладан 16 мың текше метрден астам қар шығарылды, полигондарға 1,2 мыңнан астам рейс жасалды. 

Қыс мезгілінің басынан бері 347 мыңнан астам рейс арқылы елордадан 4,7 млн текше метрден астам қар шығарылды.