Елордада «Ел іші - өнер кеніші» республикалық телевизиялық халық шығармашылығының байқауы өтеді
![]() |
Бүгін Астана қаласының «Конгресс Холл» сарайында «Ел іші - өнер кеніші» атты республикалық телевизиялық халық шығармашылығы байқауының гала-концерті өтеді. |
Ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Байқауға еліміздің барлық аймақтарының және Алматы, Астана қалаларының шеберлері және үздік ұжымдары қатысады. Байқаудың іріктеу кезеңі барлық облыстарда өтті.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: 1) жаңа дарындарды анықтау және таланттарға, өзіндік ерекшеліктері бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларға қолдау көрсету; 2) талантты адамдарға қолдау көрсетуге және олардың шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау; 3) тұрғындардың жалпы мәдени деңгейін көтеру; 4) тұрғындардың мәдени бос уақытын және эстетикалық тәрбие алуын ұйымдастыру; 5) мәдени аумақтағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; 6) Қазақстан халқы мәдениетін жандандыру, сақтау, дамыту және тарату; 7) жастардың ұлтжандылық тәрбие алуына, олардың ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарымен танысуына ықпал ету.
Байқаудың гала-концерті алдында, сағат 18:30-да «Конгресс Холл» сарайының кіреберісінде әр өңірдің қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді. Көрмеде аймақтардың ерекше мәдениетіне, өнеріне және дәстүрлеріне тән асыл бұйымдар көрермен назарына ұсынылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін