Елордада көпбалалы ана бизнеспен айналысып, 5 баласын жалғыз асырап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада көпбалалы ана бизнеспен айналысып, 5 баласын жалғыз асырап отыр

Елордада көпбалалы ана бизнеспен айналысып, 5 баласын жалғыз асырап отыр

Елорда тұрғыны Жәмила Наурызбаева 5 баланы жалғыз асырап отыр. Ол өмірдің қиындықтарына қарамай бала-шағаны асырауға болатынын айтады.

  • 23 Сәуiр 2019
  • 77
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Жәмила Наурызбаева бүгінде кәсіпкер атанып отыр. Осы уақытқа дейін тек жәрдемақыға күн көріп келген. Енді өз ісін ашып, жеміс-жидек сатуды қол алған.

"Бастапқыда бес баланы жәрдемақымен асырадым. Бір ғана жәрдемақыға бес баланы асырау мүмкін емес. Ұзақ ойлана келе, әрекет жасау керек деп шештім. Осылайша жеке жеміс-жидек, көкөніс сататын орын аштым", — деді ол.

Балалары да жауапты болып үйренген. Анасына кедергі келтірмей, бұзықтық жасамайды екен.


"Балаларым артық мазаламайды. Менің күні-түні жұмыс істейтінімді біледі. Қандай жағдай болмасын балаларым үшін еңбек ету керек екенін түсінем. Құдай көмектесіп жатқан шығар, әйтеуір бір күш бойымнан табылып тұрады", — деді Жәмила Наурызбаева.

Соңғы жаңалықтар