Елордада мектеп жәрмеңкесі жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада мектеп жәрмеңкесі жалғасуда

Елордада мектеп жәрмеңкесі жалғасуда

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 18-19, 25-26 тамызда және 1-2 қыркүйекте Астанада нарықтағыдан төмен бағалар бойынша мектепке керек-жарақтардың жәрмеңкесі өтеді.

  • 19 Тамыз 2018
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясындағы жәрмеңкеде мектеп формасы мен керек-жарақтардың нарықтағыдан төмен бағалармен мамандандырылған сатылымы ұйымдастырылады. Шараға отандық өндірушілер, кеңсе тауарларын, мектеп формасын, шұлық бұйымдарын көтерме баға бойынша сатушылар қатысады.

Қосымша ақпаратты Бейбітшілік көшесі 11 мекенжайы бойынша орналасқан Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан(113 кабинет) немесе 557403 телефоны арқылы алуға болады.


Соңғы жаңалықтар