Жарияланды: 40

Елордада орталық базар жұмысын бастады

Елордада орталық базар жұмысын бастады

18 мамырдан бастап Нұр-Сұлтандағы орталық базар жұмысын бастады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елорда әкімдігі орталық базардың жұмысын тексергенін атап өтті.

"Бүгін біз СЭС органдарымен бірге карантинді жеңілдету аясында орталық базар жұмысын қалпына келтіру дайындығын тексердік. Дайындық жоғары. Негізінде, барлық базарлар антисептик, маскалармен қамтамасыз етіліп, логистика ұйымдастырылды. Базар басшылығымен санитарлық нормалардың сақталуына бақылау жүріп жатыр. Бақылау әрі қарай жалғасады", - деді қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмурзаев.

"Орталық базар" басқарушы компаниясының директоры Атахан Абдижалиловтың айтуынша, саудагерлер мен базар қызметкерлері антисептик, қолғап, санитайзерлермен толық қамтымасыз етілген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін