Елордада "Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы" байқауының жеңімпаздары марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада "Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы" байқауының жеңімпаздары марапатталды

Елордада "Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы" байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған БАҚ қызметкерлері арасында «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

  • 8 Желтоқсан 2021
  • 37
Фото - Caravan.kz

«Алтыншы рет өткізіліп отырған байқау Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін, Елбасының идеялары мен бастамаларын насихаттауға бағытталған. Еліміздің жетістіктері Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлт көшбасшысы ретіндегі қызметінің нәтижесі. Отандық БАҚ тәуелсіздіктің маңызды игіліктерінің бірі болып табылады», — деді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Темірболат Бақытжан құттықтау сөзінде.

2021 жылдың маусым айында жарияланған байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен, сонымен қатар Әзірбайжан, Ұлыбритания, Израиль, Иран, Канада, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Украина елдерінің БАҚ өкілдерінен өтінімдер келіп түсті.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов та «Жыл санап байқауға БАҚ журналистері үлкен қызығушылық танытып келеді. Биыл Қазақстанның барлық өңірінен, сонымен бірге шетелден 400-ден астам жұмыс ұсынылды. Журналистің еңбегінде елдің тарихы, даму кезеңі көрініс табады, байқау сонысымен құнды. Бұған қоса, журналистер қоғамдағы адамгершілік құндылықтардың сақталуына, Қазақстанның өзге елдермен достық қарым-қатынасының нығаюына ықпал етеді», — деп байқаудың маңызын ерекше атады.


«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» номинациясында Абай Отар («Egemen Qazaqstan», Нұр-Сұлтан), «Үздік телевизиялық материал» номинациясында Інжу Қабылдина («Хабар агенттігі», Нұр-Сұлтан), «Үздік радиоматериал» номинациясында Салтанат Сәдібекова (Қазақ радиосы, Нұр-Сұлтан), «Ғаламтор БАҚ-тағы үздік жарияланым» номинациясында Әсел Әлішева «Деловой Казахстан» АТП, «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым» номинациясында Muhammed Ruzubay (Business Türk, Түркия) байқау жеңімпазы атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар, төсбелгілер мен дипломдар табысталды.

Соңғы жаңалықтар