Елордада сауда орнының құны қанша - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада сауда орнының құны қанша

Елордада сауда орнының құны қанша

«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы елордада сауда орнын алуға арналған конкурсқа қатысу тетіктерін жария етті.

  • 10 Тамыз 2018
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Бізде «1000 орын» бағдарламасы бойынша жылына 1 шаршы метрге — 20 мың теңге тариф бекітілген. Егер кәсіпкер біздің бағдарлама бойынша аумағы 10 шаршы метрді құрайтын дүңгіршек орнататын болса, онда жылына 200 мың теңге немесе айына 18 мың теңгеден төлейді. Мәселен, кәсіпкер гүл сататын болса және оның бір апталық табысы 200-300 мың теңгені құраса, айына 1 млн теңге кіріс алады деген сөз. Демек, оған айына 18 мың теңге төлеп тұру түк емес. Бұл бағаны көтере алмаймыз, барлық баға бекітілген», — деді «Астана ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов журналистердің сауалына орай. 

Сонымен қатар ол байқауға қатысу тетіктерін де жан-жақты айтып берді. «Біз қалай жұмыс істейміз? Қызығушылық танытқан тұлға әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына келіп, белгілі бір көше қиылысында газет немесе жеміс-жидек пен көкөніс сату үшін дүңгіршек орнатқысы келетінін айтады. Осыдан кейін біз барлық өтінімдерді жинақтап, оларды бұл мәселе келісілетін сәулет басқармасына жібереміз. Мұның барлығы әкімдіктегі мүдделі органдар тарапынан бекітілгеннен кейін бізге көше саудасына арналған дүңгіршектерді қоюға болатын орындар келеді. Сонан соң біз конкурс жариялап, мәселен орын туралы хабарландыруды «Смарт Астана», әкімдік, «Атамекен» ҰКП және ӘКК сайтарына орналастырамыз», — деді корпорация өкілі. 

Осы ретте Нұрлан Жақыпов бір орынға төрттен астам адам қызығушылық танытатын болса, онда аукцион жүргізілетіндігін айтты.


«Аукцион аясында кім үлкен сома ұсынса, сол жеңіске жетеді және бұл бір реттік төлем болады. Содан кейін жеңіске жеткен адам да жылына 200 мың теңге төлейтін болады», — деді ол.  

 

Соңғы жаңалықтар