Елордада шейх Тамим бен Хамад әл Тани атындағы мектеп құрылысы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада шейх Тамим бен Хамад әл Тани атындағы мектеп құрылысы басталады

Елордада шейх Тамим бен Хамад әл Тани атындағы мектеп құрылысы басталады

Биыл елордада шейх Тамим бен Хамад әл Тани атындағы мектеп құрылысы басталады.

  • 26 Қазан 2015
  • 620
Фото - Caravan.kz


Сәйкесінше құжатқа бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың Катар мемлекетіне ресми сапары аясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев пен Катар Инвестициялық қорының бас директоры Халифа Жассим әл Кувари қол қойды.

«Мектеп құрылысына қажетті инвестицияның басым бөлігін Катар мемлекеті беріп отыр. Онда 20 мыңнан астам бала білім алатын болады. Қазіргі уақытта құрылыс жүргізілетін алаңды Астана билігі белгілеп қойған. Таяу аралықта, осы жылы біз бұл нысанның құрылысын бастайтын боламыз. Мектеп ғимаратының жобасы белгіленгеннен кейін жұмыстар қолға алынады. Жоба құны 12,5 миллион доллардан астам», — деді Халифа Жассим әл Кувари.