Жарияланды: 30

Елордада тағы 5 мың ақылы автотұрақ ашылады

Елордада тағы 5 мың ақылы автотұрақ ашылады

Елорданың ақылы көлік тұрақтары қала бюджетін 500 млн теңгеге толықтырды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

«Астананың автотұрақ кеңістігі» ЖШС мәліметінше, ақылы тұрақтардың тікелей қызметінің арқасын қала бюджетінне жалпы сомасы 21,7 млн теңге түсті. Сонымен қатар фотобейнетіркеудің мамандандырылған мобильді кешендері 200 мыңнан аса бұзушылықтарды тіркеген. Нәтижесінде қала бюджетіне қосымша 500 млн теңге түсіп отыр. Осы жылдың 9 айында ғана тұрақ ережесін бұзғаны үшін 11 мың іс Нұр-Сұлтан қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасына жіберілген. Жалпы, төлемдер мен айыппұл қаражаты елорданың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша үшін қала бюджетіне түседі.

«Қазіргі сәтте Нұржол бульварында 487 тұрақ орны толық жұмыс істеуде. Есіл, Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр аудандарында 5 мың тұрақ орны іске қосылуға дайын. Оларды іске қосу мерзімі қала әкімдігіне байланысты. Аталған тұрақ аймақтарын іске қосқан кезде қаладағы олардың саны 10 есе артады», - деп атап өтеді компаниядан.

Ақылы тұрақ аймақтарын фотобейнетіркеумен айналысатын мамандандырылған мобильді кешендер бақылайды. Тұрақтардағы ереже бұзушылық фактілері әкімшілік полицияға жіберіледі. Төленбеген тұрақ үшін айыппұл 3 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Демалыс, мерекелік күндері, сонымен қатар сағат 20:00-ден кейін тұрақ тегін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін