Елордада төсек жабындылары арқылы жоғарғы қабаттан түскен қыз елдің зәресін ұшырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Елордада төсек жабындылары арқылы жоғарғы қабаттан түскен қыз елдің зәресін ұшырды

Елордада төсек жабындылары арқылы жоғарғы қабаттан түскен қыз елдің зәресін ұшырды

Кадрда жасөсіпірім қыз үйіндегі төсек жабындыларын бір-біріне байлап, жоғарғы қабаттан төменге түседі.

  • 17 Маусым 2019
  • 61
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтанда жоғарғы қабаттың балконынан төменге түскен түскен 14 жастағы қыздың видеосы желідегілерді шошытты, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Кадрда жасөсіпірім қыз үйіндегі төсек жабындыларын бір-біріне байлап, жоғарғы қабаттан төменге түседі.

«Қыздың төмендегі құрбысна жоғарыдан қалай түскенін көрген куәгерлердің әбден дегбірі қашты», — деп сипаттаған автор желіге жүктеген видеосын.

Кадр сыртында жергілікті тұрғындардың қызға өз пәтерінде қалуын сұрап, айғайлаған дауыстары естіліп тұр. Тіпті, ер кісілер қызды оқыс жағдайдан сақтандыру үшін үй терезесінің астында тұрған.

«Қала полицейлері осы оқиғаға байланысты тексеріс жүргізді. Оқиғаның 11 шілде болғанын анықтадық. Қыздың анасының айтуынша, пәтердің есігін сырттан құлттап, екінші қызын алып, шаруаларымен шығып кеткен. Ұйқыдан тұрған соң, кілті болмаған 14 жастағы қыз өз құрбысына бару үшін балкон арқылы түскен», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қолышбекова.

Оның айтуынша, қазіргі таңда қыз өз анасының жанында, жағдайы жақсы.


 

Соңғы жаңалықтар