Елордада тұрмысы төмен отбасыларға 19 мыңға жуық пәтер бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада тұрмысы төмен отбасыларға 19 мыңға жуық пәтер бөлінеді

Елордада тұрмысы төмен отбасыларға 19 мыңға жуық пәтер бөлінеді

Елордада әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 1900-ге жуық пәтер бөлінбек.

  • 24 Сәуiр 2019
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы көпбалалы аналармен кездескен қала басшысы Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Бақыт Сұлтанов әлеуметтік қолдау шаралары туралы баяндады. Оның сөзінше, қазіргі уақытта әлеуметтік аз қамтылған 20 мың адам үй кезегінде тұр. Өткен жылы оларға 188 пәтер бөлінген екен. 

«Биыл қосымша бөлінген қаражат есебінен жылдың соңына дейін 1800 — 1900 пәтер бөлінеді деп жоспарланып отыр. Енді кезек жылдам жылжитын болады», – дейді қала басшысы.

Сондай-ақ, әкім Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі балалар, бала күнінен мүгедектігі бар 18-ден асқан жандар, олардың қамқоршылары қоғамдық көліктерде тегін жүретін болатынын атап өтті.  Оған қоса жаңа оқу жылынан бастап көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 1-11 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі. 

«Нұр-Сұлтан – мұндай көмек көрсететін жалғыз қала. Біз 1-4 сынып аралығында оқитын барлық балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етеміз. Енді мұндай көмек көпбалалы отбасылардың мектепте оқитын барлық балаларына беріледі», –  дейді Сұлтанов.


Соңғы жаңалықтар