Елордадағы автосервис қызметкерінен 6 келі есірткі тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордадағы автосервис қызметкерінен 6 келі есірткі тәркіленді

Елордадағы автосервис қызметкерінен 6 келі есірткі тәркіленді

Нұр-Сұлтанда полиция көлік жөндейтін орындардың біріндегі 37 жастағы қызметкерден 7 есірткі оралған түйіншек тәркіледі.

  • 22 Сәуiр 2021
  • 162
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Күдіктінің «Nissan» маркалы автокөлігін тінту барысында сатуға дайындалған есірткі салынған тағы 3 полиэтилен пакеті табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген «нашаның» жалпы салмағы 6 келі болды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір есірткінің оған қалай келгені анықталып жатыр.


Айта кетерлдігі, жыл басынан бері полиция заңсыз айналымнан 32 келі есірткі тәркіледі.