Елордадағы елшіден коронавирус табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордадағы елшіден коронавирус табылды

Елордадағы елшіден коронавирус табылды

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырудың соңғы екі жағдайы туралы айтты.

  • 22 Наурыз 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Олардың бірі — дипломат. 1976 жылы туған, ол бүгін кешкісін Лондоннан бізге ұшып келді. Екіншісі — 1970 жылы туған Қазақстан азаматы. Екеуі де ауруханада, олардың денсаулығы қанағаттанарлық", — деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип. 

Инфекцияның таралуының 31 жағдайы Нұр-Сұлтанда, Алматыда — 22 жағдай, Алматы облысында — 1, Қарағандыда — 2 жағдай. Қазіргі уақытта Қазақстанда 56 жағдай тіркелген.


Соңғы жаңалықтар