Жарияланды: 50

Елордаға адам тасыған таксист коронавирус күдігімен ауруханаға жатқызылды

Елордаға адам тасыған таксист коронавирус күдігімен ауруханаға жатқызылды

25 наурызға қараған түні елорданың екі тұрғыны Талапкер ауылының маңында орналасқан өткізу-бақылау бекеті арқылы өтуге тырысқан.

Олар Мальдив аралдарында (1б санатқа жатады) демалып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі astana.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Такси жүргізушісі елордаға жетпей екі азаматты өткізу-бақылау бекетінің қасынан тастап кеткен. Өткізу-бақылау бекетінде медицина және полиция қызметкерлері азаматтардың денсаулығын тексеріп, барлық қажетті шараларды қабылдады. Олар жедел түрде стационарға жеткізіліп, коронавирус инфекциясына сараптамадан өтті. Ал такси жүргізушісі Петропавлда ұсталды. Ол да стационарға жіберілді. Елорда әкімдігі тәртіпбұзғандар қатаң түрде жазаланатынын еске салады. Қала аумағында өткізу-бақылау бекеттері орнатылды. 22 наурыз сағат 00-ден бастап елордаға кіруге де, шығуға да тыйым салынды. Осы аралықта қалаға келіп-кету тәртібін бұзудың 46 фактісі тіркелді, 29 тәртіпбұзушы 15 тәулікке қамауға алынды. Кей адамдарға айыппұл салынса, басқалары сот шешімін күтіп отыр.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін