Елордалықтар көліктен шықпай-ақ коронавирусқа тест тапсыра алады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордалықтар көліктен шықпай-ақ коронавирусқа тест тапсыра алады

Елордалықтар көліктен шықпай-ақ коронавирусқа тест тапсыра алады

Елордалықтар көліктен шықпай-ақ коронавирусқа тест тапсыра алады. Оған 3-5 минут уақыт кетеді.

  • 5 Маусым 2020
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада коронавирус инфекциясын анықтау үшін мобильді скрининг диагностикасы пайда болды. Зертхана №2 Қалалық көпбейінді аурухана базасында іске қосылды. Скрининг орталығының ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қатысты.

"Мақсат — қаланың барлық азаматтарын тексеріп, инфекция жұқтырмағанына көз жеткізу. Сонымен қатар күн сайын 6 зертханада 4 500 талдау жасалады. Жалпы, қалада материал жинаумен айналысатын мемлекеттік және жеке зертханалар бар. Орталық та ыңғайлы орналасқан. Азаматтар әуежайға келгеннен кейін тест тапсыра алады. Автокөліктерге арналған тұрақтар жеткілікті", — деді Бақтияр Мәкен.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, болашақта жоба қаланың басқа да бөліктерінде ашылуы мүмкін.


Мобильді орталық күніне 100-ден аса тест алуға қабілетті. Процедура тек 3-5 минут алады. Сондай-ақ, бұл әдіс барлық автокөлік үшін ыңғайлы және ешқандай кезекті қажет етпейді. Тест құны — 10 мың теңге.

Тест тапсырушы эпидемиологиялық факторлар мен симптомдарға қатысты жеке ақпараттар көсетілген сауалнама толтырады. Кабинада дене температурасы жанасусыз термометр көмегімен өлшенеді. Нәтиже 6 сағат ішінде белгілі болады. Тест тапсырушы өз нәтижесін электрон пошта немесе Whatsapp нөмірі арқылы ала алады.

Соңғы жаңалықтар