Үкімет басшысы Астанадағы бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралап, қалалық емхана мен перзентханада тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасымен, саоаның проблемаларымен арнайы көзбе-көз танысты.
Медициналық мекемелердің жәй-күйімен танысу кезінде қалалық бюджетте қарастырылғанына қарамастан, қаржы тапшылығы салдарынан перзентханалардың бірі жабдықтармен жарты жыл бойына қамтамасыз етілмегені анықталды. Бұл жайттан қала басшылығының бейхабар екені белгілі болды. Әйелдер босанатын орталықтағы жабдықтар талапқа сай келмейтіні және орталық реанимация бөлімі ретінде қызмет көрсететіні анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, бүгінде Астанада 32 емдеу-профилактикалық мекеме жұмыс істейді, онда 1276 дәрігер, 2052 орта буынды медициналық қызметкер еңбек етеді. Соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштері мен Астаналықтардың денсаулығы жайлы көрсеткіштерде алға басушылық бар.
Сонымен бірге, Астана халқы санының күрт өсуі медициналық сапалы қызмет көрсетуде дер кезінде шаралар қолдануды қажет етіп отыр. Бұл алдымен алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсетуге, ана мен баланы қорғауға, сондай-ақ мамандандырылған көмекке қатысты.
Үкімет басшысы медициналық мекемелердің жұмысымен танысу барысында амбулаторлық-емханаларда қызмет ететін дәрігерлердің жұмыс жүктемесі тиісті деңгейден 5 есеге артып отырғандығынан хабардар болды. Қолданыстағы алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмекті ұйымдастыру желісі сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ете алмайды. Қаланың станционарларында бірқатар аурулар бойынша арнайы бөлімдер жоқ. Эндокринология және кардиология бөлімдерінде науқастар саны айрықша арта түскен. Ал төтенше жағдайда келіп түскендерге табанда дәрігерлік көмек көрсететін аурухана Елордасында жоқ. Мұндай кемшіліктер қала халқының саны арта түскеніне қарамастан, оларға тиімді медициналық қызмет көрсетуді қалалық өкіметтің сауатты жоспарлай алмай отырғанын көрсетеді.
Астананың денсаулық сақтау нысандарымен танысып шыққан үкімет басшысы Астана қаласының денсаулық сақтау мәселесіне қайта оралып, кейбір тапсырмалар берді.