Астанадан Алматыға тәулігіне үш жүрдек пойыз қатынайды, деп хабарлайды Baq.kz.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2016-2017 жылдарға арналған жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне орай кейбір пойыздардың журу уақыты мен нөміріне өзгерістер енгізді.
2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап төмендегі пойыздардың нөмірлері өзгерді:
— «Алматы-2-Астана» бұрын №1/2 болса, енді №701/702;
— «Алматы-2-Петропавл» бұрын №701/702 болса, енді №705/706;
— «Астана-Шымкент» бұрын №79/80 болса, енді №707/708.
Сонымен қатар, 11 желтоқсаннан бастап №3/4 «Алматы-2-Астана» пойызы және келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап №11/12 «Алматы-2-Шымкент» пойызы жаңа үлгідегі «Тұлпар-Тальго» кең кузовты вагондармен жасақталады.
Жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында енді Астанадан Алматыға күніне «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған үш жүрдек пойыз (№3/4, 701/702 және 705/706) қатынайды.