Енді аздап ет қымбаттайды – ҚР АШМ - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді аздап ет қымбаттайды – ҚР АШМ

Енді аздап ет қымбаттайды – ҚР АШМ

Парламент депутаттары бұған дейін алаңдаушылық білдіргендей, Қазақстанда келесі жылдың көктемінде ет қымбаттап шыға келуі мүмкін бе?

  • 18 Қазан 2021
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл сауалға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Бағаларға келетін болсақ, біз ет бағасының өсуі мүмкін деп күтеміз. Шамалы өсім болады деп үміттенеміз. Бұл шөп пен жем бағасының өсуіне байланысты. Ет тапшылығы болмайды, — деді министр ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін Қазақстан отандық өнім өндіру арқылы сиыр етінің 97%-ын, қой етін 100%-ын, жылқы етін 97,5%-ын қамтамасыз еткен.


Ішкі нарықтағы етке деген сұраныс толығымен отандық өндіріс есебінен өтеледі. Біз шетелден етті көп мөлшерде импорттамаймыз, -деді Қарашөкеев.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда қой етінің бағасы 15%-ға өсті

Соңғы жаңалықтар