Ендi кез-келген Халыққа қызмет көрсету орталығында тiркелуге болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ендi кез-келген Халыққа қызмет көрсету орталығында тiркелуге болады

Ендi кез-келген Халыққа қызмет көрсету орталығында тiркелуге болады

Ендi баспананың орналасқан жерiне қарамастан кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) бөлiмшесiнде тiркелуге болады.

  • 9 Қаңтар 2017
  • 656
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкiмет» МК Мемлекеттiк қызмет көрсету дирекциясы директорының орынбасары Шоқан Әбдiлманов мәлiмдедi, деп хабарлайды Baq.kz.

«Халық арасында уақытша тiркелу мен электронды анықтамалар беру сияқты мемлекеттiк қызметтерге сұраныстың артуына байланысты ҚР Iшкі істер министрлігімен келiсiмге қол жеткiздiк. Бүгiнгi күннен бастап уақытша тiркеудi баспананың орналасқан жерiне қарамастан ХҚКО-ның кез келген бөлiмшесiнде рәсiмдей беруге болады. Бұған дейiн осындай қызмет көрсетiлмеген», — дедi Ш.Әбдiлманов.

Директор орынбасарының айтуынша, бұл қызмет бiрнеше ауданнан тұратын Астана, Алматы, Шымкент сияқты iрi қалалардың барлығына енгiзiлдi.


«Мысалы, баспанасы Астананың Есiл ауданында орналасқан азамат Сарыарқа ауданындағы бөлiмшеде тiркеудi рәсiмдей алмайтын. Оған Есiл ауданына бару керек болатын. Ендi азаматтарға кез келген ХҚКО-да уақытша тiркеуге қатысты қызмет көрсетiледi», — дедi Ш.Әбдiлманов.

Соңғы жаңалықтар