«Енді қалғаны осы еді»: «Атышулы «Қалаулым» қатысушысы ақ некесін Меккеде қидырып, шейхтардың батасын алды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Енді қалғаны осы еді»: «Атышулы «Қалаулым» қатысушысы ақ некесін Меккеде қидырып, шейхтардың батасын алды (ВИДЕО)

«Енді қалғаны осы еді»: «Атышулы «Қалаулым» қатысушысы ақ некесін Меккеде қидырып, шейхтардың батасын алды (ВИДЕО)

Instagram желісіндегі танымал парақшалардың бірінде атышулы «Қалаулым» қатысушысының Меккеде некесін қидырып, шейхтардың батасын алған видеосы тарады. Желі қолданушылары аталған жұпты қасиетті қалада алғаш рет некелерін қиғызған қазақ жұбы деп болжаған. Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлайды.

  • 16 Ақпан 2023
  • 33
Фото - Caravan.kz

Жазба авторының айтуынша, Ағлан есімді күйеу жігіт қашан да некесін шетелде қидыруды армандаған. Желі қолданушылары видеодағы жігітті атышулы «Қалаулым» қатысушы деп топшылаған.

«Күйеужігіт Ағлан неке рәсімін үнемі шет елде өткізсем деп армандаған. Бірақ дәл Алланың үйінде, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) тікелей ұрпақтары некемізді қияды деп ешқашан ойламағанын айтады. Ең қызығы екі жастың некесін Сауд Арабиясының лауазымды шейхтары кескен. Ағлан мен Аэлита — Меккеде некесін қиған алғашқы Қазақстан жұбы», — деп жазылған жазбада.

Желі қолданушылары қос жұпқа бақыт тілеп, жылы тілектерін жаудырған. Сонымен бірге олар Меккеде неке қидыру енді трендке айналатынын, бай-бағландар мен блогерлер енді ақ некелерін киелі мекенде қиғызатынын жеткізген.

«Басталды, байы да, блогері де сонда некелерін қиғызып әлек болады енді», «Кім не десе де, бақытты болсын», «Ақшаң болса осы екен ғой», «Әдемі жұп, нелеріңіз бар? Бақытты болсын», «Біздің де балаларға осындай жерде неке қидыру жаздырсын» деп жазды олар.

Соңғы жаңалықтар