Енді қазақстандықтар QR-код көмегімен үйлене алады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді қазақстандықтар QR-код көмегімен үйлене алады

Енді қазақстандықтар QR-код көмегімен үйлене алады

eGov.kz порталында QR-кодты сканерлеу арқылы алуға болатын қызметтер тізімі пайда болады, болашақта бұл тізім кеңейе түседі

  • 11 Маусым 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

 Қазақстанда енді некені тіркеуге QR-код арқылы өтініш беруге болады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Айтуынша, қазір техник мамандар QR-код көмегімен алуға болатын қызметтерді осы айда іске қосу үшін жұмыс істеп жатыр.

Бұл қызметтердің қатарында:

  • некені тіркеу;
  • баланың туғанын тіркеу;
  • баланы балабақша кезегіне қою;
  • заңды тұлғаны ашу;
  • салық есептілігін (250 форма) қабылдау бар.

"Осы қызметтерді компьютерде алған кезде, электронды сандық қолтаңбамен қол қою орнына, QR-кодты сканерлеп, eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қызметті алуға сұрау жіберу жеткілікті. Электронды сандық қолтаңбаны қолдану үшін компьютерге қосымша бағдарлама орнатудың да қажеті жоқ", — деді Жұмағалиев.

eGov.kz порталында осы қызметтерді алған кезде, азамат "QR-code арқылы қол қою" функциясын таңдайды.


Осыдан кейін eGovMobile қосымшасының көмегімен мониторда пайда болған кодты сканерлейді.

Кейбір қызметтер үшін QR-код арқылы қол қою мүмкіндігі осы айдың соңына дейін жүзеге асады.

Болашақта бұл қызметтер тізімі кеңейе түспек.

eGov mobile қосымшасын App Store және PlayMarket платформаларынан жүктеуге болады.

 

Соңғы жаңалықтар