Енді "Қазпошта" қызметкерлері зейнетақыны үй-үйге жеткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді "Қазпошта" қызметкерлері зейнетақыны үй-үйге жеткізеді

Енді "Қазпошта" қызметкерлері зейнетақыны үй-үйге жеткізеді

Қазіргі таңдағы "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде жәрдемақы және зейнетақыны беру туралы "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов онлайн брифингте айтып берді. 

  • 7 Сәуiр 2020
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Карантин кезінде барлық зейнеткер үйлерінде отырып, зейнетақыларын ала алады.

Қазір қозғалыстың шектеулігіне байланысты бұрын пошта бөлімшесіне зейнетақыға келетін барлық зейнеткерге сәуір айының зейнетақыларын үйлеріне жеткізудеміз. Қалғандарына төлем картасын ашып, ақшаларын сол картаға аударып, карталарын үйлеріне жеткізіп беріп жатырмыз, — деді төраға. 

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге 1-15 сәуір аралығында зейнетақыны үйге жеткізу кестесін бекіткен. Сол кесте бойынша бүгінгі күні 389 572 зейнеткердің үйіне зейнетақылары жеткізілген.

6 мыңға жуық зейнеткерді төлем карталарына көшірдік. Біздің зейнетке шыққан клиенттеріміздің қатарында карантин біткен соң зейнетақыларын бөлімшеге келіп алғылары келетіндер де бар. Біз олармен үнемі байланыста боламыз,
— деді Сәкен Сәрсенов.  

Сонымен қатар, "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов зейнеткерлерге еш алаңдамай, карантин біткен соң зейнетақыларын өздері келіп, ала алатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар