Енді сен бізге таяқ жегеніңді көрсетпе. Бүгінгі ерлігің де қанағаттандырады – Қанат Исламға хат - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді сен бізге таяқ жегеніңді көрсетпе. Бүгінгі ерлігің де қанағаттандырады – Қанат Исламға хат

Енді сен бізге таяқ жегеніңді көрсетпе. Бүгінгі ерлігің де қанағаттандырады – Қанат Исламға хат

Қазіргі жұрт жанайқайын, пікірін әлеуметтік желі арқылы жеткізетін болған. Өйткені бүгінгінің «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» құралы ғаламтор болып отыр. Онда жазғаныңыз миллиондарға жетіп жатады.

  • 22 Қыркүйек 2017
  • 5281
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы Фейсбукте Бурахан Сагидан есімді қолданушы әйгілі боксшы Қанат Исламға ашық хат жазыпты. Онда жан тебірентер сөздер бар.

Caravan.kz медиа-порталы сол ашық хатты оқырман назарына қаз-қалпында ұсынуды жөн көріп отыр.

Ашық хат

Ассалаумағалейкум, бауырым.Саған тілеулес қандас,және тағдырлас ағаң xат жазып отыр. Бұл сенің төбелес ойының өте қиын дүние екен. Ол өзі ұру, қорғану – екі қимылдан тұрады екен. Қайсыбірін кем меңгерсең, жалманыңнан түсесің. Әмбе жасқа да тура байланысты көрінеді. Сондықтан жас егделегенде қандай мықты болса да, таяқ жемейтіні болмайтын көрінеді. Менің айтайын дегенім: Қанат бауырым, сен қазақтардың жан жүрегіне терең бойлап кеттің. Сен төбелескенде бар қазақ төбелескендей күй кешіп жатыр. Сені бір пергенде, неше қазақ «ойбай» деп бетін жауып диванға құлап түсіп жатқанын білесің бе? Сенің шекеңнен қан аққанда, қаншасы қарай алмай тұрып кетіп, келесі бөлмеден «не болды?» деп айғайлап, жеңді дегенше келмегенін білдің бе? Қанша қазақ баланың «Қанат ағам жеңді!» деп алақайлап айғайлап, сені өз ағам дейтінін сезетін шығарсың. Тағы-тағы талай нәзік дүние айтар едім, созып қайтем. Енді сен бізге таяқ жегеніңді көрсетпе. Сенімен руxтанып мақтан тұтқан жеткіншектердің руxын өлтіресің. Сен алғашқы тұңғыш қазақтан шыққан төбелестің ұлттық батырсың. Үлкендердің жігерін құм қылып, жеткіншектердің сағын сындырмауыңды өтінемін. Бізді бүгінгі ерлігің де қанағаттандырады. Тек жеңісті күнде қазағыңмен бірге бол.


Сәлеммен, ағаң Оралман.

Естеріңізге сала кетсек, Қанат Ислам 9 қыркүйекте Астанада өткен 25-ші жекпе-жегінде канадалық Брэндон Кукты үш рет нокдаунға жіберіп, техникалық нокаутпен тоғызыншы раундта жеңген болатын.  

Соңғы жаңалықтар