"Енді сотталатын болды: Күйеуіне өкпелеген әйел оны полицияға ұстап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Енді сотталатын болды: Күйеуіне өкпелеген әйел оны полицияға ұстап берді

"Енді сотталатын болды: Күйеуіне өкпелеген әйел оны полицияға ұстап берді

Күйеуіне өкпелеген әйелі оның есірткі сақтайтынын полицияға айтып қойған.  

  • 29 Желтоқсан 2022
  • 348
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 Әйел полицияға жұбайымен жанжалдасып қалғанын және оның 34 жастағы жұбайы қорада  есірткі заттарын сақтап отырғандығын айтты.

«Сол күні Атбасар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған үйді және оған іргелес жатқан шаруашылық құрылыстарды санкцияланбаған тінту кезінде өзіндік иісі бар, сұр-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған полиэтилен пакетін тапты. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 1930,5 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін күдікті 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,- деді ведомстводан.
 

Соңғы жаңалықтар