Өтініштің орындалу мәртебесі туралы оларға дер кезінде СМС-хабарлама жіберіледі. Жыл соңына дейін бұл қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы да ендіру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар VTM-терминалдарды енгізу жоспарда бар. Бұл салымшылар мен Қор қызметкерлері құрамы арасындағы интерактивтік тілдесу жүйесі. Бұл аппараттар салымшыға әр түрлі ақпараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Салымшылар Қор қызметкерінің қашықтықтан көрсететін көмегі арқылы әр түрлі қызметтерге қол жеткізе алады. Мысалы, жеке зейнетақы шотын ашуға, зейнетақы төлемдерін алуға өтініш беруге және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алуға болады. VTM-терминалдарды қоғамдық орындарға – банктерге, сауда үйлеріне орнату жоспарланған.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры электрондық қызметтердің қатарын толықтырумен қатар, екінші деңгейдегі банктердің инфрақұрылымын, нақты айтар болсақ, Интернет-банктегі жеке кабинеттер мен банкоматтар желісін пайдалану арқылы оларды жүзеге асырудың қосымша жолдарын қарастырып жатыр.
Зейнетақы Қоры 2016 жылы Британия стандарттар институтының (BSI) аудитін сәтті өтті. Сөйтіп, «Салымшылардың жеке зейнетақы шотына жарналарды есептеу және табыстарды үлестіру үдерісі» саласындағы ISO/IEC 27001:2013 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестік сертификатын алды. Бұдан басқа, «Эрнст энд Янг – кеңес беру қызметі» ЖШС тәуелсіз халықаралық ұйымының жүргізген техникалық аудиті қауіпсіздік жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкес екендігін растады. Биыл мемлекеттік аттестаттауды мақұлдау және ISO/IEC 27001:2013 стандарты бойынша халықаралық сәйкестік сертификатының ықпал ету аясын Қордың 2019-2020 жылдардағы барлық бизнес үдерістеріне тарату жоспарда бар.
Сонымен қатар «БЖЗҚ» АҚ-тың ақпараттық-коммуникациялық ресурстары мен электрондық ақпараттық ресурстарына қатысты кибернетикалық қауіп-қатерлерді анықтау және жолын кесуге қатысты тиісті мемлекеттік органдармен өзара ынтымақтасу жағы жолға қойылып жатыр.