"Енді жігітпен жүрмеймін!": Ерке Есмахан жүктілікке байланысты сұрақтарға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Енді жігітпен жүрмеймін!": Ерке Есмахан жүктілікке байланысты сұрақтарға жауап берді

"Енді жігітпен жүрмеймін!": Ерке Есмахан жүктілікке байланысты сұрақтарға жауап берді

Белгілі әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында халықты мазалаған сұрақтарға жауап берді.

  • 5 Наурыз 2022
  • 622
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Әнші өзінің жеке өмірі, жүктілік жайлы қауесет ақпараттарға нүкте қойды.

"Жігітім жоқ! Енді жігітпен жүрмеймін деп айттым ғой сіздерге! Жігітпен жүрмеген соң күйеуге де шықпаймын деген сөз! Талып құлап, онсыз өмір сүре алмайтындай біреуге ғашық боп жатсам көрерміз! Жүрегім тыныш" — деді Ерке Есмахан.

Сондай-ақ, әртіс "екіқабатсың ба?" деп миллион адам сұрағанын айтып өтті.


"Алла, Алла сабыр бер маған. Бір Мальдивқа барғаным жыр болды ғой. Жоқ, аяғым ауыр емес, бұл тек ішімде орамал жиналып тұр! Жігітім, күйеуім жоқ! Күлге аунап туам ба?" — деп Ерке Есмахан мәселенің басын ашып берді.

Соңғы жаңалықтар