"Ене болып үлгермедім": Ақбота Керімбекова жақсы ене болуға тырысқанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ене болып үлгермедім": Ақбота Керімбекова жақсы ене болуға тырысқанын айтты

"Ене болып үлгермедім": Ақбота Керімбекова жақсы ене болуға тырысқанын айтты

Ақбота Керімбекова ұлы мен келінінің екіге кеткенін мәлімдеді. 

  • 14 Қыркүйек 2023
  • 267
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Ене болып үлгермей қалдым енді, айып етпейсіздер. Өмірдің заңы, тағдыр деген сияқты нәрсе бар. Балалар бірге ұзақ тұрмады, бөлек кетті. Әр адам өз басына түскеннен кейін түсіне береді ғой, ұғына береді. Барынша, қолдан келгенше жақсы ене болуға тырыстық. Өмірдің заңы солай. Айып етпеңіздер. Әлі де үш бала бар ғой. Жақсы ене боламын деп ойлаймын. Қай ата-ана болсын, өзінің ұрпағының жақсы болғанын тілейді ғой. Ендігі тілек, аманат Алладан. Бәріміз де лайым жақсы ене, жақсы апа болуға тырысайық. Өтірік керемет, сұмдықпын деп айтпай-ақ қояйын. Шындық қой бұл", — деді әнші. 

Келіні мен баласы ажырасып кетсе де,  жұлдызды әже немересімен байланысын үзбегенін айтты. 


"Немеремді қатты жақсы көремін, есімі — Айбибі. Немере деген тәтті. Үш ұлдан кейін көрген қыз болғаннан кейін ерекше тәтті. Немеремді көріп тұрам, келінмен де араласып тұрамыз. Алланың берген бір ғана өмірінде ұрысып-қырқысып жүрудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Баланың кінәсі жоқ, сол баланың ертеңгі болашағын ойлап, жақсы қарым-қатынаста, сыйластықта жүрмін", — дейді Ақбота Керімбекова. 

Соңғы жаңалықтар