"Енем маған ренжіді": Баян Алагөзованың анасы продюсердің дүниеге келген сәтін есіне алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Енем маған ренжіді": Баян Алагөзованың анасы продюсердің дүниеге келген сәтін есіне алды

"Енем маған ренжіді": Баян Алагөзованың анасы продюсердің дүниеге келген сәтін есіне алды

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызының анасы алғаш рет продюсердің балалық шағы туралы айтты.

  • 22 Қаңтар
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Медиаменеджер 50 жасын әріптестері мен жақындарының арасында тойлады. Журналист Анна Данченко туған күн иесінің жақындарын әңгімеге тартты. Олар Баянның шынайы бейнесін айтып берді. 

“Өте көтеріңкі көңіл-күйде тұрмын. Үлкен қызым 55 жаста, міне, Баян 50-ге толып жатыр. Кенже қызым 48-де. Өте бақытты анамын. Баянның есімін әжесі қойды. “Баян сұлу” болады” деді. Мен ұнатпадым. Бірақ қарсы болмадым. Құжатын алуға барғанда “Баян” деп ғана жаздырдым. Ол кісі маған қатты ренжіді. Мен айттым: “Сұлу болмаса айналасы күледі ғой. Баян күйінде қала берсін” дедім”, – деп еске алады анасы. 

Сондай-ақ продюсер бала күнінен-ақ өте қабілетті, бірбеткей табанды бала болған. 

“Баян дәл қазір қандай болса, бала күнінде де солай болды. Айтарлықтай өзгеріс жоқ. Батылдығы мен қабілеті сол күйінде тұр. Автобусқа мініп, балабақшаға бара жатқанда “Адамдар маған орын беруі керек. Мен отырып баруым керек” дейтін. Сол өжеттігі әлі күнге дейін келе жатыр”, – дейді продюсердің анасы. 

Сонымен қатар 20 жыл бала күтушісі болған келіншек те продюсердің үйде қандай адам екенін айтты. 

“Мен Айарудың (Баян Мақсатқызының екінші қызы) 20 жылдан бері күтушісімін. Екінші қызын мен өсірдім. Қазір ол бойжеткесін, Баян ханымның көмекшісі болып жүрмін. Ол – керемет адам, өте қарапайым жан. Үйден тамақтанғанды жақсы көреді. Көбіне жеміс-жидек, көкөністерді ғана жейді. Жүрегі де жұмсақ. Баян ханымның қол астында жұмыс істейтініме бақыттымын”, – деді келіншек.  

Еске салайық, продюсер ханым 50 жасын қалай тойлағанын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар