Ең биік нүкте: Ким Чен Ын қасиетті тауды атпен бағындырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ең биік нүкте: Ким Чен Ын қасиетті тауды атпен бағындырды

Ең биік нүкте: Ким Чен Ын қасиетті тауды атпен бағындырды

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын қасиетті Пэктусан тауына көтерілді, деп хабарлайды Кореяның орталық телеграф агенттігі.

  • 17 Қазан 2019
  • 22
Фото - Caravan.kz

КХДР басшысы қасиетті Пэктусан тауының қарлы шыңын атпен бағындырды. Бір күн бұрын алғашқы қар жауған Корей түбегінің ең биік нүктесіне барар жолда Ким Чен Ынды жоғары лауазымды тұлғалар да ертіп жүрді. «Ким Чен Ынның Пэктусан тауына жорығы — бұл ел тарихындағы үлкен және айтулы оқиға», — деді агенттік.

Басылым КХДР басшысының ерік-жігерінің беріктігін символдық түрде Пэктусан тауымен салыстырды.

Ким Чен Ын — бұл лауазымға әкесі Ким Чен Ирдің орнына келген 2011 жылдан бергі КХДР-дың ең жоғары басшысы. 2016 жылдан бастап КХДР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы қызметін де атқарып келеді.

2013 жылы Forbes журналы ең ықпалды кәрістердің тізімінде үшінші және әлемдегі ең ықпалды адамдар тізімінде 46-орынды иемденді.


Өзінің таңқаларлық әсерімен және басқарудың диктаторлық формасымен танымал. Солтүстік Кореяда Ким Чен Ын адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгерткен ұлы реформатор деп саналады.

Пэктусан немесе Байтоушань — бұл КХДР мен ҚХР шекарасындағы белсенді жанартау. Таудың биіктігі 2744 метрге жетеді. Бұл Маньчжуро-Корей
тауларының, сондай-ақ бүкіл Корея түбегінің ең биік нүктесі.

Соңғы жаңалықтар