"Ең болмаса кәмелет жасқа толсын деді": Мейрамбек Беспаев жас кезінде қандай қызға үйленгісі келгенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ең болмаса кәмелет жасқа толсын деді": Мейрамбек Беспаев жас кезінде қандай қызға үйленгісі келгенін айтты

"Ең болмаса кәмелет жасқа толсын деді": Мейрамбек Беспаев жас кезінде қандай қызға үйленгісі келгенін айтты

Мейрамбек Беспаев әйелі Мархабат Беспаева кәмелет жасқа толмаған кезде үйленгісі келгенін айтып, ағынан жарылды. 

  • 28 Желтоқсан 2023
  • 279
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Тойыма сол күні азанда ұшып барғанмын. Астанада той-томалақта болғам. Әйелім өзінің ортасы орысша болғасын, аса қазақша әндерді тыңдамайтын кезі болғасын бастапқы кезде  мені танымаған. Біраз қыздар суретке түсіп, қаумалап жатқан кезде бұлар кімдер деп сұраған. Кейін өзінше болғанды көрсетеміз дедік қой", — дейді әнші.

Сондай-ақ, Мейрамбек Беспаев бір кездері қызынан "мынау өзі серьезный жігіт пе?", деп сұраған енесімен қазір жақсы қарым-қатынаста екенін де жасырмады.  

"Қазір енем мені, мен енемді жақсы көремін. Өнер адамы болғаннан кейін алғашқы кездері ол кісіде де уайым болған шығар. Бірақ бәрін махаббат жеңді ғой. Оның үстіне ол ол кезде он жетіде болған. Ең болмаса кәмелет жасқа толсын, сосын үйленесіңдер деді. Сөйтіп он сегізге толғаннан кейін,мінезімді, бәрін білгеннен кейін дұрыс екен деді-ау деймін", — дейді ол

Желі қолданушылары Мейрамбек Беспаевтың кәмелет жасқа толмаған қызға үйленгісі келгенін қызу талқылауда. 

"Мәке, таза бүлінбеген қыз алғым келді десей, кәмелет жақса толмаған емес", "Мейрамбектің дауысы жақсы, бірақ қазақтың маңдайына біткенн деп дәріптеу не керек. Аман болсын шегірткелер", — деп жазды олар.

Соңғы жаңалықтар