Жарияланды: 40

Еңбегі ерен Елбасы

Еңбегі ерен Елбасы

Кез-келген мемлекеттің экономикасының дамуы тек географиясы мен табиғи ерекшелігіне ғана байланысты емес.

Оған елдің даму бағытын айқындайтын тұлғаның әсері ерекше екендігі ақиқат. Осы ретте, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін айтып өту өте лайықты.
Елбасымыздың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдары саяси және экономикалық реформаларда үлкен ілгерілеуге қол жеткізді. Еліміздің қарқынды экономикалық дамуы – ең алдымен Ұлт Көшбасшысының және оның көреген саясатының еңбегі екендігі ақиқат.
«Жамбылгипс» акционерлік қоғамы да Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламаларының шарапатын көрген еңбек ұжымы.

2000 жылдары біздің кәсіпорын 46 қызметкерден тұратын шағын ұжым болатын. Ол кезде акционерлік қоғам өңірдің цемент зауыттарына гипс тасын тиеумен айналысатын, сондай-ақ аз мөлшерде құрылыс гипстерін өндіретін.

Соңғы 15 жылда өнеркәсібіміздің қуаты 10 есе өсіп, бүгінде ұжым қызметкерлері 250 шақты адамды құрайды.
Біздің шағын кәсіпорынымыздың дамуы үшін, ең бірінші Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан мемлекеттік бағдарламалар ықпал еткендігі даусыз.
Біз «Жамбылгипс» ұжымы, әрдайым Нұрсұлтан Әбішұлының қамқорлығын сезініп келдік. Елбасының әр бастамасынан, әр бағдарламаларынан еңбек адамдарына, өнеркәсіп өндірісіне деген басымдықты байқадық.
Сондықтан, еліміздің астанасын Елбасының есімімен атау өте орынды деп есептейміз және ұжым болып үлкен қолдау білдіреміз.
Елбасына «Халық қаһарманы» атағының берілуі, Өзі қазығын қаққан бас қаланың Нұрсұлтан есімімен аталуы – Ұлы даланың Ұлы Перзентіне деген шынайы ықыласы деп білеміз!
Біз Елбасымен әрқашан біргеміз!

«Жамбылгипс» акционерлік қоғамының ұжымы

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін