Оған сай енді жұмыс берушінің табысы азайып жатса еш қиындықсыз қол астындағы қызметкерін қысқарта салуына болады. Яғни, бұрынғыдай бір ай бұрын ескертпей, еңбек келісім-шартын өзі бір-ақ күнде жарамсыз деп тануы мүмкін. Әрі өтемақы, сондай-ақ, демалыс және мереке күндері істеген артық жұмыс сағаттарына да үстеме ақы төленбеуі ғажап емес. Десе де заң жобасы әлі әзірлік үстінде. Ал еліміздің кәсіподақтар бірлестігі мұндай өзгертулерді жұмысшылардың құқығын аяққа таптау дейді. Сондықтан Еңбек кодексін бұрынғы қалпында қалдырып, ешқандай өзгертулерге жол бермейміз деп отыр.
Сұлтан Қалиев, Мұнай-газ кешені қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы
— Әлі талқылайтын пікір алмасатын жайттар көп. Біз де мұны қолдамаймыз. Үндеуімізді қабылдадық. Оны енді үкіметке жібереміз. Өзіміз ойлаймыз кәсіподақтардың жұмысшылардың мүддесін қорғайтын мүмкіндігіміз бар деп.