Жарияланды: 230

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігімен енді Whats App арқылы байланыса аласыз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігімен енді Whats App арқылы байланыса аласыз

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары халықпен өзара тығыз қарым-қатынас орнатып, әрі әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша жедел ақпарат алмасу үшін Whats App мессенджеріндегі +7 700 101 1414 байланыс нөмірін іске қосты.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Еліміздің азаматтары өздерін толғандырып жүрген зейнетақы, түрлі жәрдемақы, мүгедектікті тағайындау, көпбалалы отбасын қолдау, көші-қон және еңбек қатынастары жайында сауалдарға тікелей жауап алатын болады», - деп атап өтті баспасөз хатшысы.

Айта кетсек, биыл министрлік алдында келесідей міндеттер тұр:

- жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу;
- базалық зейнатақы төлемдерін тағайындаудың механизмін қайта қарау;
- кәмелет жасына толған, бала кезінен І топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналарға қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізу;
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу;
- әлеуметтік қызмет жүйесін модернизациялау;
- мүгедектік бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамалық қызметті қайта форматтау;
- саланы цифрландыру, электронды еңбек биржасын енгізу, электронды еңбек келісімдерді қамтамасыз ету және т.б.

«Егер аталған бастамаға ұсыныстарыңыз, сұрақтарыңыз бен толықтыруларыңыз болса, біз бірігіп талқылауға және кеңінен сұхбаттасуға әзірміз. Азаматтар өздерінің сұрақтарын Whats App мессенджеріндегі +7 700 101 1414 нөміріне жолдауына болады», - деді Нұрлыбек Жеңісбек

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть