ЕО Қазақстанның реформаларын алға жылжыту және бәсекелестік қабілетін көтеру жөнінде жобасына 3 млн евро мөлшерінде қаржы бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕО Қазақстанның реформаларын алға жылжыту және бәсекелестік қабілетін көтеру жөнінде жобасына 3 млн евро мөлшерінде қаржы бөледі

ЕО Қазақстанның реформаларын алға жылжыту және бәсекелестік қабілетін көтеру жөнінде жобасына 3 млн евро мөлшерінде қаржы бөледі

Астана. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Еуропалық Одақ "Қазақстан Республикасының кеңес бағдарламалары мен стратегиялық диалогты дамытуға қолғабыс жасау" жобасын жүзеге асыру үшін 3 млн евро бөледі. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Орталық Азиядағы Еуропалық Комиссиясы өкілдігінің басшысы Ван дер Меер құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 459
Фото - Caravan.kz

Ол түсіндіргеніндей, жобаның мақсаты кеңес беру мен тәжірибе алмасу арқылы Қазақстанның реформаларын алға жылжытып, бәсекелестік қабілетін көтеру болып табылады.

Еурокомиссия өкілдігінің басшысы атап өткеніндей, «ЕО бұл жоба аясында Қазақстанға жаңа Салық кодексін дайындауға қолғабыс жасайды. Оның айтуынша қазіргі кезде бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр».

Өз кезегінде ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің вице-министр Марат Құсайнов атап өткеніндей, «Қазақстан үкіметі бұл жобаның іске асырылуына мүдделі, өйткені мемлекет саясатын анықтап дайындау кезінде сарапшылардың кеңестері жан жақты пайдаланылатын болады».

Жалпы жоба 2011 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті