ЕҚДБ президенті Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚДБ президенті Қазақстанға келеді

ЕҚДБ президенті Қазақстанға келеді

Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти Қазақстанға келеді.

  • 6 Маусым 2014
  • 446
Фото - Caravan.kz

Ол мемлекет басшысы жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысына тең төраға ретінде қатыспақ, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

«9-13-маусым аралығында жоспарланған сапарында сэр Сума Чакрабарти инвестиция тарту және елдегі инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған реформаларды ынталандыру жөніндегі жаңа бастаманы талқылауға қатысады. Сонымен қатар, ол президент Нұрсұлтан Назарбаевпен 12-маусым күні Бурабай қаласында өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысына төрағалық етпек», — делінген хабарламада.

9-10-маусымда ЕҚДБ президенті Алдматы қаласына атбасын тірейді. Сапар барысында шаһар кімдігімен энергетикалық тиімділікті арттыру мақсатында көшелерді жарықтандыру жүйесін жаңғырту жобасына қаржы бөлу жөнінде келісім бекітілмек. 11-маусымда С.Чакрабарти Қызылорда қаласында болып, Аймақтық даму министрімен және облыс әкімімен кездеседі. Сондай-ақ, банк басшысы ЕҚДБ клиенттерімен және серіктестерімен де кездесуді жоспарлап отыр.