ЕҚЫҰ сарапшылары Қазақстанның діни сенім-наным еркіндігі мен діни бірлестіктер мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерге оң баға берді (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ сарапшылары Қазақстанның діни сенім-наным еркіндігі мен діни бірлестіктер мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерге оң баға берді (толық нұсқасы)

ЕҚЫҰ сарапшылары Қазақстанның діни сенім-наным еркіндігі мен діни бірлестіктер мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерге оң баға берді (толық нұсқасы)

Астана. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ЕҚЫҰ сарапшылары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңнамаға енгізілген өзгерістерге оң баға берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Әділет министрлігінің Дін істері комитетінің хабарламасына сілтеме жасап.

  • 28 Қараша 2008
  • 1107
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, 2008 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері комитеті қызметкерлерінің ДИАҚБ/ЕҚЫҰ өкілдерімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын талқылау жөніндегі кездесуі өтті.

Кездесуге ДИАҚБ/ЕҚЫҰ сарапшылары — Коул Дурхам (АҚШ), профессор Рафаэль Паломино (Италия), профессор Роман Подопригора (Қазақстан), Всеволод Чаплин Әкей (Ресей), сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ЕҚЫҰ кеңсесінің өкілдері қатысты.

Бұған дейін, ағымдағы жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бастамасымен заң жобасы сараптамадан өткізіп, түсіндірме дайындауы үшін ЕҚЫҰ-на жолданған болатын.

ДИАҚБ/ЕҚЫҰ сарапшылары өз түсіндірмелерінде заң жобасымен ұсынылған мына өзгерістерге қатысты оң баға берді: заң тұрғысында діни сенім бостандығын шектеуді тану, мемлекет пен діни бірлестіктердің қызметтерін шектеу, Қазақстанда білім және тәрбие берудің мемлекеттік жүйесінің діннен бөлінуі, рухани (діни) оқу орындарының күндізгі бөлімдерінде оқитын азаматтар үшін әскери қызметтен өтуді кейінге қалдыру жөніндегі құқық пен жеңілдік, діни бірлестікті тіркеуден бас тарта алатын нақты негіздерді енгізу.

Сондай-ақ, ДИАҚБ/ЕҚЫҰ сарапшылары заң жобасын парламентте талқылау кезінде бірқатар шарттардың алынып тасталғанына байланысты бірқатар елеулі оң өзгерістерді атап өтті, оның ішінде, діни ұйымдардың қаржы операцияларын бақылауға қатысты бірқатар шарттардың реттелуі, мемлекет пен діни ұйымдардың Қазақстан халқының рухани және мәдени дәстүрін қалыптастыруға әсер етуін ескере отырып, олардың өзара қарым-қатынасын реттеу, миссонерлердің квотасын анықтау, ғибадат ететін ғимараттарға бақылау-кассалық аппарат орнату және басқалары.

ЕҚЫҰ сарапшыларының басқа да барлық сауалдарына Діни істер комитетінің қызметкерлері толыққанды жауап берді.

Кездесудің қорытындысы бойынша ЕҚЫҰ сарапшыларының Қазақстан Республикасы заңының жобасы жөніндегі қорытынды баяндамасы Әділет министрлігі Діни істер комитетінің түсіндірмелерін алып, зерттегеннен кейін жарияланатыны туралы келісімге қол жетті. Бұл Қазақстан Республикасы парламенті сенатында Қазақстан Республикасы заңының жобасын талқылау барысында да өзгеріске ұшырағанымен байланысты, бұл туралы ЕҚЫҰ сарапшыларына ақпарат берілген жоқ. Сондықтан, ЕҚЫҰ сарапшыларының түсіндірмелерінің мәтінінде Діни істер комитетінің түсіндірмелері көрсетілетін Әділет министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасалатын болады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, парламент кеше «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады, ол президенттің қол қоюына жолданды.

Парламент депутаттары бастамашы болған осы заң жобасы мемлекет пен діни ұйымдардың өзара қарым-қатынасын реттеу мәселесін тәртіпке келтіру, діни ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін заңды түрде бекіту қажеттілігінен туындаған.

Парламент депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Әскери қызмет және әскери міндеттілік туралы» заңдарға толықтырулар енгізуді ұсынған.

Ұсынылған толықтырулар негізінен діни бірлестіктердің қызметін және құқықтық мәртебесін реттеуге бағытталған. Сондай-ақ мемлекеттің бақылау функцияларын және діни бірлестіктердің жауапкершілігін күшейтуді көздейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар