ЕҚЫҰ-ға мүше елдерде Қазақстанның ұйымға төрағалық жасауына қатысты әлі де біртұтас пікір жоқ - ұйым өкілі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ-ға мүше елдерде Қазақстанның ұйымға төрағалық жасауына қатысты әлі де біртұтас пікір жоқ  - ұйым өкілі

ЕҚЫҰ-ға мүше елдерде Қазақстанның ұйымға төрағалық жасауына қатысты әлі де біртұтас пікір жоқ - ұйым өкілі

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ЕҚЫҰ-ға мүше елдерде Қазақстанның 2009 жылы ұйымға төрағалық жасауына қатысты әлі де біртұтас пікір жоқ. Бұл туралы бүгін парламент сенатында "ЕҚЫҰ - даму тарихы, құрылымы мен іс-қызметі" тақырыбы бойынша өткен семинар-дәріс барысында ЕҚЫҰ хатшылығының шиеленістердің алдын алу жөніндегі орталығының өкілі Армандс Пуполс пікір білдірді.

  • 5 Қараша 2007
  • 445
Фото - Caravan.kz



«Мәселе әдеттегідей өте күрделі күйінде қалып отыр. Дәл қазір нақты бір жауап беру қиын», — деді депутаттар сауалына жауап берген А.Пуполс.

«Бүгінгі күні елдердің позициясына қатысты бірдеме айту қиын, дейтұрғанмен, көзқарас өзгере бастады деген белгі бар», — деді ол.

«Қазір өкілдер арасында аса қарқынды келіссөздер жүргізіліп жатыр. Көптеген елдердің қалай қимылдайтындығы жөніндегі позициясы айқын емес», -деді ЕҚЫҰ өкілі.

«Мәселен, ЕҚЫҰ аясында қазір Венадан шығыс пен батысқа қарай орналасқан елдер арасында келіспеушіліктер мен түрлі пікірлер бар. Сол себепті ЕҚЫҰ-ның біртұтас стратегиясын құру мүмкін болмай отыр», — деді А.Пуполс.

Осы орайда А.Пуполс Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауы «батыс пен шығыстың арасындағы сенімділікті арттыру тұрғысынан пайда әкелуі мүмкін» деген пікір білдірді.