«Косовоға қатысты мәселе әлі де айқын емес, Қауіпсіздік кеңесі әзірге шешім қабылдаған жоқ»,- деді А. Пуполс.
Оның айтуынша, «жылдың басында ЕҚЫҰ Косовода қалады деген сенім үлкен болатын».
«Қазір мұндай сенімділік азайды, себебі, Косовоның тәуелсіздігі жөнінде біржақты декларация қабылданады деген болжам бар, онда кейбір елдер Косовоны бірден тәуелсіз мемлекет ретінде мойындауы мүмкін, бірақ, оны мойындамайтын да кейбір елдер бар, олар бұл тұрғыда ЕҚЫұ-ның Косовода жұмыс істеуіне қарсы шығуы ықтимал», — деді ол.
А. Пуполстың айтуынша, «жалпы оңтүстік-шығыс Еуропада ЕҚЫҰның миссиялары жабылып жатыр немесе азая түсуде».
«Оңтүстік-шығыс Еуропаның көптеген елдері Еуропалық Одаққа бірігуге ниет білдіруде, яғни, онда Еуроодақ құрылымдарының ықпалы зор, бұрын ЕҚЫҰ атқарып келген міндеттерді ендігі жерде Еуроодақ құрылымдары өзіне жүктеп алуда», — деді ол.
«Хорватиядағы миссия жабылуы мүмкін, Босния мен Герцеговинадағы миссиялар азайтылуда. Сербия мен Монтенегрода миссия қалды, ал Албаниядағы миссияны азайту ағымы байқалған жоқ», — деді ол.